«Қазтелерадионың» филиал директоры қызметкерін тұншықтырмақ болған

0
893

Оқиға жұмыс уақытында болған.


«Қазтелерадионың» филиал директоры қызметкерін тұншықтырмақ болған

ERNUR.KZ. «Қазтелерадио» АҚ Қостанайдағы филиалының директоры қызметкерлердің бірін тұншықтырмақ болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға жұмыс уақытында кәсіпорынның ғимаратында болған. Қостанай облысы полиция департаменті бұл фактіні растады.
«Қазіргі таңда тергеу тағайындалды. Тергеу барысында дене жарақатының қандай деңгейде болғаны анықталады. Соған байланысты шешім қабылданады. Егер денеге жеңіл жарақат келген болса, іс ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабы бойынша қарастырылады. Бұл жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады. Егер жарақат орта деңгейлі болса, іс тергеуге жіберіледі», - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.