Келесі аптада телесабақтар Qazaqstan арнасынан көрсетіле бастайды

0
941

08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі.


Келесі аптада телесабақтар Qazaqstan арнасынан көрсетіле бастайды

ERNUR.KZ. 13 сәуірден бастап еліміздегі орта білім беру ұйымдарына арналған бейнесабақтар «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінің мәліметінше, телесабақтар дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 08:00-ден бастап 11:00 аралығында 1-6 сыныптың оқу пәндері бойынша қазақ тілінде өткізіледі.

«Qazaqstan» телеарнасын qazaqstan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android», «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Бейнесабақтар сонымен қатар «Qazaqstan» телеарнасының YouTube желісіндегі ресми арнасы мен Facebook парақшасында тікелей трансляцияланады.

2020 жылғы 6 сәуірден бастап елімізде 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады.

Осы мерзімнен бастап қазақ тілінде білім алатын 1-11 сынып оқушылары үшін бейне және аудиосабақтар «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телернасы мен «Qazaq radiosy» арқылы ұсынылып келеді.