​Келесі жылдың қаңтар айынан басталып ҰБТ бірнеше рет өткізіледі – Ерлан Сағадиев

0
1 111

Магистратурада енді гранттар студенттерге беріледі және олардың ЖОО-ын таңдау мүмкіндігі болады.


​Келесі жылдың қаңтар айынан басталып ҰБТ бірнеше рет өткізіледі – Ерлан Сағадиев

ERNUR.KZ. Магистратурада енді гранттар студенттерге беріледі және олардың ЖОО-ын таңдау мүмкіндігі болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында айтты, деп жазады Baq.kz.

Министр жиын барысында Президенттің гранттар санын көбейтуге және техникалық, ауыл шаруашылығы гранттарының деңгейін көтеруге қатысты тапсырмасы орындалғанын және жоғарғы білім алуға қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.

«Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ қаңтар айында басталып бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, мектеп түлектеріне шартты түрде қаңтардан бастап ақылы негіздегі оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Үшінші, ЖОО-да шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртінші, шетел азаматтары үшін шәкіртақыны енгізу, оның ішінде қазақ диаспорасына. Қазақстандық ЖОО-да білім алуға мүмкіндік беру. Бесінші, магистратураға қабылдаудың жаңа моделін енгізу. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Магистратурада енді гранттар студенттерге беріледі және олардың ЖОО-ын таңдау мүмкіндігі болады», - деді ол.

Е. Сағадиев осы жұмыстардың нәтижесінде ШҚО-да шетелге оқуға кететін балалардың саны 3 есе азайғанын айтты, яғни былтыр 1800 бала шетелге білім алуға кетсе, биыл ол көрсеткіш 630 дейін төмендеген.

Сонымен қатар ол, Елбасының студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы да орындалып жатқандығын айтып өтті. «Ол үшін барлық қажетті нормативтік-актілер қабылданды, қаржыландыру мәселесі шешілді. Кеше ең алғашқы 7 ЖОО-мен және 2 жеке меншік компаниямен 4 мыңға жуық орынға арналған шарттарға қол қойылды. Жатақхана салу жұмыстары басталып кетті. Республика бюджетінің жобасында алдағы 3 жылдық кезеңіне мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жалпы 15 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Жалпы 10 жылдың ішінде 75 мың орынға арналған жатақханаға 1 53 млн теңге бөлу көзделген», - деді министр.