Келіншекті "ернінен сүйіп ұшықтаған" имам көптің ашуын тудырды (видео)

0
9 420

Шырақшы киелі орынға келген әйелді ұшықтаймын деп ернінен сүйіп алған.


Келіншекті

Әлеуметтік желіде белгісіз ер азаматтың дін өкіліне келіп, мәселені шешпек болған әрекетінің видеосы тарады, деп жазады exk.kz.

Facebook-те тараған видеода бейнежазбаны түсіріп тұрған ер азамат шырақшыны "Әулиенің қасында әйел азаматын ернінен сүйіп, ұшықтауға бола ма?" деп сұрақтың астына алады. Алайда дін өкілі өзінің әрекетін жоққа шығармайды.

Шырақшының ерсі қылығын көрген желі қолданушылары оны сынның астына алды.


Оқиғаның нақты қай жерде және қашан түсірілгені әзірге белгісіз.