Кептеліс салдарынан жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті

0
1 148

Волга» көлігі жүргіншілер жолағында әйел мен оның 9 жастағы қызын қағып кетті


Кептеліс салдарынан жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті

ERNUR.KZ. Оралда бүгін таңертең Достық және Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында аралары жарты сағат салып екі бірдей жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады 24.kz.

Бірінші апат сағат 10.30-да болды. Достық даңғылымен бара жатқан «Нива Шевроле» автомобилі «Лада Калинаға» соғылған. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен автомобильдердің кесірінен кептеліс пайда болып, көліктер қарсы қозғалыстағы жолаққа шығып кеткен.

Қарбаласта «Волга» көлігі жүргіншілер жолағында әйел мен оның 9 жастағы қызын қағып кетті.

«40 жастағы әйел мен оның қызы қалалық көпфункционалды ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз – жабық бас-ми жарақаты», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Екінші жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнына жергілікті полиция қызметкерлері келіп, көліктерді жол бойынан алып тастады.