Кеше Таразда 5 қабатты үй өртенді (видео)

0
2 596

Өрт сағат 22:11-де толық сөндірілді.


Кеше Таразда 5 қабатты үй өртенді (видео)

ERNUR.KZ. 30 мамыр күні кешкісін Тараздағы бес қабатты тұрғын үйден үлкен өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.

19:34-те "101" пультіне 5-ші ықшамаудандағы бес қабатты үйдің өртенгені туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер 19:38-да келгенде, үйдің шатыры түгелдей ашық отқа оранып жатқан.

171 тұрғын үйден көшірілді, оның ішінде 42 бала бар. 20 адам оттан құтқарылды, оның бесеуі бала.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 22:11-де толық сөндірілді.