Кешкі сегізден таңертеңгі 9-ға дейін тыныштықты бұзуға болмайды

0
937

Тұрғын үйлерде орналасқан ойын-сауық орындарының да уақытын өзгерту көзделіп отыр.


Кешкі сегізден таңертеңгі 9-ға дейін тыныштықты бұзуға болмайды

ERNUR.KZ. «Тыныштықты бұзу» туралы 437-бап қайта қаралды. «Сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейiнгіні» «20:00-ден таңертеңгі 9-ға дейін» өзгерту ұсынылады»,– делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың баяндамасында, деп жазады Atameken Business.

Баяндама мәтіні мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістерді таныстыру кезінде ұсынылды.

Сондай-ақ, тұрғын үйлерде орналасқан ойын-сауық орындарының да уақытын өзгерту көзделіп отыр: 22:00-ден таңғы 6-ға дейінгіні 23-тен таңғы 10-ға дейін өзгертуге ұсыныс жасалды.