Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді

0
986

Өзіне көп назар аударылғанын қаламаған чемпион балалар үйіне жасырын келді.


Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді

ERNUR.KZ. Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келді, деп жазады тengrinews.kz.

Спортшы сапарында "Таңшолпан" балалар үйіне барды.

"Хабиб Нурмагомедов бізде қонақта. Иә, рас, әзіл емес. Чемпион біздің балаларымызды қуантып қайтты. Сөзінде тұрып, бізге келді. Осындай кездесу ұйымдастырған Сашаға рақмет. Тамаша болды", - делінген балалар үйінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Instagram желісіндегі patriotkaragandy паблигінде чемпион жетім балаларды спортпен айналысып, зиянды әдеттерден алысуға кеңес берді.

"Спортпен айналысып, салауатты өмір салтын жүргізіңіздер," - деді Нурмагомедов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Сондай-ақ, Хабиб спортшыны жетімдер үйіне шақырған Александр Корогодовтың анасы жұмыс істейтін дүкенге барып, шоколад сатып алып қайтты.

"Хабиб оған көп назар аударылғанын қалмаған жоқ, сондықтан ешкімге айтпай келді", - дейді Александр.