"Халық зарын естіп, көруі үшін": Қазақстан үкіметіне есту аппараты сыйға беріледі

0
1 271

Одан өзге, көзілдірік - олар көруі үшін. Көрген және естіген нәрселерден жүрегі тоқтап қалмауы үшін - валидол қоса беріледі.


ERNUR.KZ. Қазақстан халық партиясы ел үкіметіне "мемлекет халық зарын естіп, көруі үшін" есту аппараты мен көзілдірік сыйлайды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгінде үкіметке көп нәрсе істеу керек. Оған ақша бөлінеді. Алайда мәселелер мен проблемалар шешілмейді. Адамдар айғайлайды, жылайды, хат жазады - жауап жоқ. Кешіріңіз, мырзалар (Үкіметтегі), жерге түсіңіздер. Бізді еститін мемлекет қайда? Неге мүлдем елемейсіздер... Біз партиядан шенеуніктерге есту аппаратын сыйға тартқымыз келеді. Көзілдірік - олар көруі үшін. Көрген және естіген нәрселерден жүрегі тоқтап қалмауы үшін - валидол", - деді ҚХП өкілі, Мәжіліс депутаты Айбек Паяев партияның кезектен тыс съезінде.

ҚХП-ның үкіметке


Еске салайық, бұған дейін де Айбек Паяев шенеуніктерді кері байланыс жоқ деп сынға алған еді.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстан халық партиясы фракциясының депутаттары премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беруден қалыс қалып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар өз жұмысына немқұрайды қарай бастағанын мәлімдеді.