Қарағандылықтар жаңажылдық шыршаларды хайуанаттар бағына өткізіп жатыр

0
1 381

Бұл шара жайлы толығырақ ақпаратты келісі телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар: 44-17-42, 44-18-43.


Қарағандылықтар жаңажылдық шыршаларды хайуанаттар бағына өткізіп жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қарағанды халқы жаңажылдық тірі шыршаларды хайуанаттар бағына өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қарағандылықтар жаңа жылдық мереке күндері үйлерін безендірген тірі шыршаларды хайуанаттар бағына тапсыруға болады. Онда қылқан жапырақтылар пайдаға жаратылады екен, яғни бұталармен жануарлардың қоршаулары жылытылады.

Бұл туралы: «Әдетте шыршаларды далаға лақтырып жібереді, контейнерлер алаңқайлары қоқысқа толып кетеді. Алайда, бұл керексіз болып қалған шыршаларды хайуанаттар бағына қайта өңдеуге тапсырып, қаламыздың экологиясын қорғап қалуға болады емес пе. Ол үшін шыршаларды қабылдау бекетіне алып келіп тапсыру қажет. Біз шыршаларды әшекейлер және жылтырақтарсыз қабылдаймыз. Аязды күндері бұл бұталармен жыртқыш аңдардың үйшіктерін жылытамыз», - дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

Айта кетейік, шыршаларды хайуанаттар бағына күн сайын 9.00-ден 18.30-ға дейін Ермеков көшесі, 111 мекенжайы бойынша алып келуге болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі баспасөзі хабарлаған болатын.