Халықаралық іздеуде жүрген әйел Қазақстанға жеткізілді

0
1 207

Ол 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіріп, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған


Халықаралық іздеуде жүрген әйел Қазақстанға жеткізілді

ERNUR.KZ. Қазақстанның Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады, деп жазады sputniknews.kz.

Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздеген. Оған 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылған.

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұрауын шетел билігі қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр.