Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Семейде ұсталды

0
921

Күдіктіге заңсыз есірткі өңдеу, даярлау, сақтау, сату бойынша халықаралық іздеу 2017 жылы жарияланған.


Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Семейде ұсталды

ERNUR.KZ. Халықаралық іздеуде жүрген ресейлік Семейде тұтқындалды, деп жазады altaynews.kz.

«Алматы – Нвовсібір» бағытындағы пойыз Семейге келіп тоқтағанда іздеу салынған Ресейдің 53 жастағы азаматы тәртіп сақшыларының қолына түсті. Полицейлердің айтысынша, ол ешқандай тіркеусіз сәуір айынан бері Қазақстанда жүр екен.

Күдіктіге қатысты іздеу 2017 жылдың желтоқсан айында жарияланған екен.

Оған қатысты Ресейдің қылмыстық кодексінің бірінші бөлімі 228 бабы бойынша (заңсыз есірткі өңдеу, даярлау, сақтау, сату) қылмыстық іс қозғалған.