Халықаралық қыздар күні қыздар арасында төбелес болды (видео)

0
2 837

Орталық алаңды спарринг үшін таңдап, кездескен.


Халықаралық қыздар күні қыздар арасында төбелес болды (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандының ірі сауда орталығының алдында қыздар төбелесіп мәселе "шешпек" болды, деп жазады Stan.kz.

Халықаралық қыздар күні қыздар арасында төбелес болды. 12 жасар жеткіншектер бір-бірін көк ала қойдай еткен. Мектеп оқушыларының арасындағы жұдырықтасу ұзаққа созылған жоқ. Өткінші адамдар оларды зорға ажыратып алды.

"Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз. Төбелеске дейін олар телефон арқылы сөйлесіп, содан кейін Қарағандыдағы орталық алаңды спарринг үшін таңдап, кездескен", - делінген сюжетте.


Аталған іске байланысты іс қозғаған полицейлер жас өспірімдерге айыппұл салынатынын айтады. Шаш жұлысқан төбелестен қыздардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

"Әлеуметтік желілерде таралған видео бойынша "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиға қатысушылар анықталды", - деді Қарағанды облысы ЖП баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.