Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары жоғары оқу орындарына грант алады

0
518

​Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант алады.


Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары жоғары оқу орындарына грант алады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдау бойынша тоқталсақ, оларға конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант беру мәселесін заңнамалық түрде реттейміз. Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медальға 1500 айлық есептік көрсеткіш - биыл ол 4,5 млн теңгеге жуық, күміске – 1000, қолаға – 500 айлық есептік көрсеткіш ақшалай бірмезгіл сыйлықтарын тағайындау жоспарлануда», - деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жеңімпаздарды дайындаған педагогтер мен тәлімгерлерге тиісті біржолғы қаржылай сыйақы беру көзделген.