Халықаралық пәндік олимпиадаларда Қазақстан оқушылары 21 медаль еншіледі

0
687

Командамыз 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты.


Халықаралық пәндік олимпиадаларда Қазақстан оқушылары 21 медаль еншіледі

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадаларда бүгінгі күнге дейін 5 пәннен 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 13 күміс және 7 қола медаль бар, деп жазады zakon.kz.

Математикадан халықаралық олимпиадада (IMO) Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды.
Командамыз 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Командалық есепте еліміз 17-орында, ал бұл - соңғы 12 жылдағы үздік көрсеткіш.
Физикадан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз 1 алтын, 4 күміс медаль иеленді. Бұл - соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Былтыр команданың қоржынына 5 күміс түскен болатын.
Географиядан халықаралық олимпиадада оқушыларымыз екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болдық.
Биологиядан халықаралық олимпиаданың қатысушылары 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алып, былтырғы нәтижелерін жақсартты. Былтыр 1 күміс және 2 қола медаль, сондай-ақ бір Құрмет грамотасын алған болатын.
Ал зияткерлік сайысқа қатысқан жас химиктеріміздің жұмысын өте жоғары бағалауға болады. Олар 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды. Оның үстіне бұл 2017 жылдан бергі алғашқы «алтын» болды. Салыстырмалы түрде алсақ, былтыр командамыз 3 күміс және 1 қола медальмен марапатталған болатын.
Жақында ғана оқушыларымыз лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет бірден 2 қола медаль жеңіп алды. Барлық бағытта оң өзгеріс бар екенін байқауға болады. Бұл балаларымыздың дайындық деңгейін көрсетеді.
“Алдағы уақытта информатикадан олимпиада өтеді. Оқушыларымыз еліміздің намысын абыроймен қорғайтынына сенімім мол. Оқушыларымызды жеткен жетістікпен құттықтаймын. Қолдау көрсеткен ата-аналарына және кәсіби шеберлігі үшін әріптестеріме де алғыс айтқым келеді. Биыл осындай нәтижелер үшін тұңғыш рет Президенттің қолдауының арқасында біздің оқушылар 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйлыққа және ҰБТ тапсырмай қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуға грантқа ие бола алады. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы, 1000 АЕК – күміс медаль, 500 АЕК – қола медаль алады. Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтар да бір реттік сыйақымен марапатталады”, - дейді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.