Халықтың мемлекет қаражаты қайда жұмсалатынын бақылауға қақы бар – Балаева

0
815

Қоғамның бюджет ақпаратына қолжетімділігін арттыру керек.


Халықтың мемлекет қаражаты қайда жұмсалатынын бақылауға қақы бар – Балаева

ERNUR.KZ. Қоғамның бюджет ақпаратына қолжетімділігін арттыру керек. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн өткен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

Әрине, қаржы министрлігі бюджеттің ашықтығы бойынша ауқымды жұмыс атқарып отыр. Алайда бұл порталдар барлығына бердей қолжетімді болмай отырғанына қатысты шағымдар бар. Осы мәселені қарастыру керек. Жалпы, 2019 жылға арналған бюджеттің ашықтығы бойынша жасалған халықаралық шолуына сәйкес, қоғамның бюджет ақпаратына қолжетімділігін арттыру керек. 100 балл бойынша қарастыратын болсақ, Қазақстан тек 58 баллды жинап отыр. Қоғамның бюджетті қалыптастыруға қатысуы 17 баллды құрады. Бұл жұмысты жетілдіру керек, - деді ол.
Министр жобалар халық үшін жасалып жатқанын айтты.
Халықтың мемлекет қаражаты қай жерге, қалай тиімді жұмсалатынын бақылауға қақы бар. Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру керек. "Ашық үкімет" порталы моральдық тұрғыда ескірген. Бұл бағытта проблема бар екені белгілі. Ашық үкіметтің барлық порталдарының жаңа нұсқасын қайта жасау қажет. Біз құзырлы министрлікке ұсыным жібердік. Бұл сұраққа олар қажетті жауап дайындап, шешім табады деп ойлаймын. Бұл тек қаржы министрлігіне қатысты дүние емес. Жергілікті атқарушы органдар болсын, министрліктер болсын қандай жобаға қанша жұмсалып жатқанын ашық барлығымызға айту керек. Қоғам қазір бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр. Көп мәселе түсінбеушіліктен туындап отыр, - деді ол.