"Хан Шатыр" әкімшілігі үстіне пальма құлап кеткен әйелге материалдық көмек көрсететін болды

0
1 897


ERNUR.KZ. "Хан Шатыр" ойын-сауық орталағының әкімшілік өкілдері әйелдің үстіне пальма құлаған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"2019 жылдың 8 наурызында "Хан Шатыр" сауда орталағында жазатайым оқиға болды. Үшінші қабаттан эскалаторға пальма құлаған. Нәтижесінде әйел жапа шекті. Орталықтың медицина қызметкерлері әйелге медициналық тексеріс жүргізген. Оған көмек көрсетілу үшін әйел қызметтік үй-жайға жеткізілген. Ол медициналық көмектен аяққа тұрып, кейін медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы қалыпты, алған жарақаттар оның өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ол дәрігерлер қарауында", - деп мәлімдеді "Хан Шатыр" орталығының әкімшілік өкілдері.

Оған қоса олардың айтуынша, әйелге моральдық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр екен. Құлаған пальманы орталықтың қызметкерлері тексеру жүргізіп "ағаштан" ешқандай зақым таппаған.

"Осы оқиғаға байланысты орталықтың ландшафттық дизайнымен айналысатын компанияға тексеріс өткізу жайлы өтініш жасадық. Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары істеліп, алдағы уақытта осындай оқиғалар қайталанбас үшін қажетті шаралар жасалды", - деді орталық өкілдері.

Айта кетейік, желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланған болатын. Осының салдарынан бір әйел зардап шегіп, омыртқасынан жарақат алғанын жазғанын болатынбыз.

Астана полицейлерінің мәліметінше, осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша жүргізіліп жатыр екен.