​«Хан Шатыр» сауда орталығында жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтеді

0
1 394

Жаңажылдық шыршаға мүмкіндігі шектеулі 350 бала қатысады.


​«Хан Шатыр» сауда орталығында жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтеді

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 29 желтоқсанында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атриумында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық таңертеңгілігі өтеді. Сауда орталығы ерекше балаларға арналған осындай шараларға жыл сайын демеушілік көрсетіп отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

29 желтоқсан күні сағат 12:00-де «Хан Шатыр» СОСО-да жаңажылдық қайырымдылық таңертеңгілігі өткізіледі. Шараға «Батыр» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мамандандырылған орталықтардан мүгедек балалар, Ақмол, Өтеміс, Қараөткел, Новоишимка, Максимовка, Қоянды, Қабанбай батыр, Қосшы ауылдарының кішкентай тұрғындары қатысады. «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінен 135 баланың қатысады. Жаңажылдық шыршаға сондай-ақ «Балам-ай» қоғамдық қорынан 30 бала келеді.

Жаңажылдық шыршаға мүмкіндігі шектеулі 350 бала қатысады.