​Хиджап киген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

0
1 834

6 ата-ананың ісі сотқа жіберілді.


​Хиджап киген оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

сурет: m.sputniknews.kz

ERNUR.KZ. Атырауда 16 оқушының ата-анасына айыппұл салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мұндай жағдайларда ата-аналарға алдымен ескерту жасалады. Мектеп басшылары оларды көндіре алмайтын болса, заңды негізде «Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндеттерді тиісті деңгейде орындамау» ӘҚБтК бабына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

«16 ата-ананың ісі сотқа жіберілді. Онда 5 АЕК, яғни 12 025 теңге көлемінде қаражат өндіріп алу туралы шешім шықты», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша білім саласында бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев.