ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды (видео)

0
1 232

Азаматтарды кезексіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы алып отырған


 ХҚКО-да кезекті жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда ХҚКО-лардың бірінде кезекті жеделдету үшін ақшалай сыйақы алған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп жазады Tengrinews.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар арнайы жедел іс-шара барысында азаматтарды кезексіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы алып отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерін ұстаған болатын.

"Қызметкер кезекті жеделткені үшін 7 мың теңге алған. Ол бірден сол жерде ұсталды. (...) Бірнеше қызметкердің осылай ақша алып отырғаны анықталды - 5 000 - 15 000 теңге аралығында. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша ("Заңсыз сыйақы алу") Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Cондай-ақ, Алатау ауданының полицейлері қылмыстық іс материалдарының үш күн ішінде сотқа жолданатынын айтып өтті.