ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды

0
461

Мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды.


ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет МК-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады baq.kz.

"Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты айыппұлдар мен көлік жүргізу құқығынан айыру туралы мәліметтерді алу мүмкін емес. Сондықтан ел аумағындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәліктерін беру мемлекеттік қызметі бойынша клиенттердің қабылдауы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Жауапты орган база жұмысын қалпына келтіріп жатыр. Мамандандырылған ХҚКО-ларда қабылдаудың қайта жүргізіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп мәлімдеді Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі.