Киіз үйді гаражға айналдырған тұрғын көптің ашуына тиді (видео)

0
2 135

Желіде ерекше көлік гаражының видеосы жарияланды.


Киіз үйді гаражға айналдырған тұрғын көптің ашуына тиді (видео)

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Көлік тұрағына айналған киіз үй турасында түсірілген бейнежазба көптің ашуын тудырды. Бейнежазба кris_p_almaty инстаграм парақшасында жарияланды.

Желі қолданушыларының кейбірі: “Көлікті жылы жерде жөндейтін болды. Оны күннің суығында көлік жөндемегендер түсінбейді”, – деп киіз үйден жасалған гараждың артықшылығы бар екенін айтса, ал көпшілігі "Шаныракты сыйламау деген осы. Қорлықтың қорлығы. Авторга айтатыным , халықтық ашу-ызасын тудырмай, киізүйді қалпына келтір де видеосын салып жибер." , "Бұл не масқара, бұл деген қорлау ғой" - деп ашу ызаларын білдірген.


"Қайран қазақтың киіз үйі. Енді гараж болуға ғана жарап қалғансың ба?! Өкінішті!!! " - деп жазады желді қолданушыларының тағы бірі.