Ким, Өтемұратов, Құлыбаев: Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің есімі жарияланды

0
1 646

Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің есімін жариялады.


Ким, Өтемұратов, Құлыбаев: Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің есімі жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің байлығының жалпы сомасы 28,7 миллиард долларды құрап, өткен жылғымен (26,02 миллиард доллар) салыстырғанда 10 пайызға артқан, деп жазады stan.kz.

Тізімде «KAZ Minerals» тобының президенті және ірі акционері Владимир Ким көш бастады. Оның байлығы – 4,5 млрд доллар.

Ал екінші орынға ForteBank АҚ-ға иелік ететін Болат Өтемұратов жайғасқан. Қазақстанның теннис федерациясының басшысының байлығы 3,4 млрд долларды құрайды.

Үшінші орында – кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП басшысы, «Газпромның» директорлар кеңесінің мүшесі Тимур Құлыбаев. Оның байлығы – 3,1 млрд доллар.

Ал Тимур Құлыбаевтың жұбайы Динара Құлыбаева 4-орында. Ол күйеуімен бірге «АЛМЭКС» холдинг тобына басшылық етеді. Құлыбаеваның байлығы – 3,1 млрд доллар.

Аталған тізімнің 5-орнына ERG тобының иелерінің бірі Алиджан Ибрагимов жайғасты. Оның байлығы 2,3 млрд долларды құрады.

Сонымен қатар тізімде 6-орынға Рашит Сәрсенов (780 млн доллар), Кеңес Рақышев (610 млн доллар), Ғалымжан Есенов (545 млн доллар), Бақытбек Байсейітов (540 млн доллар), Нұрлан Смағұлов (525 млн доллар) жайғасты.