"Кінәлілер қатаң жазаланады": Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

0
777

Президент апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылатынын жеткізді.


Мемлекет басшысы Алматы маңындағы жолаушылар апатына қатысты пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқае кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан шыға ұшып шыққан бетте құлағаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, тоғыз адам қаза тапқан.