​ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚХР СІМ мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

0
725

Қазір бүкіл әлемде АҚШ өкілдері палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарының қорытындысы талқыланып жатыр.


​ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚХР СІМ мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың ҚХР СІМ мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазір бүкіл әлемде АҚШ өкілдері палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарының қорытындысы талқыланып жатыр. Осыған байланысты Қытай Халық Республикасының елшілігі Нэнси Пелосидің сапарын бағалай отырып, Қазақстан Халық партиясына ҚХР СІМ мәлімдемесінің мәтінін жолдады.
Бұл сапар әлемді екі лагерьге бөлді: біреулер Пелосидің сапарын АҚШ-тың Тайвань басшылығымен байланысу үшін жасаған демократиялық қимылы ретінде қарастырды. Басқалары Пелоси ханымның сапарын Қытайдың егемендігіне қол сұғу әрекеті деп бағалады.
Әрине, сыртқы саясат деңгейіндегі кез-келген осындай оқиға өз бағасын алуы керек. Біз өз тарапымыздан бүкіл әлем Тайваньның Қытай аумағы екенін мойындағанын атап өтеміз. АҚШ-ты Тайваньмен жақындастыру әрекеті ҚХР еркіне қайшы және дипломатиялық емес қадам болып табылады. Осының салдарынан әлем үшінші дүниежүзілік соғыс, оның ішінде ядролық соғыс алдында тұрды.
Қазақстан Халық партиясы "Бір Қытай" қағидатының бар екенін ұмытпауды ұсынады және барлық тараптарды деэскалацияға шақырады. Біздің партия Қытай Коммунистік партиясымен тығыз байланыс орнатты. ҚХР -Қазақстан Республикасының стратегиялық және маңызды көршісі.
Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасы 30 жыл бұрын орнаған, осы жылдар ішінде елдер түрлі салаларда, әсіресе өзінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда бір-біріне жоғары үкіметаралық деңгейде қолдау көрсетіп келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин әрбір кездесуде тек тату көршілік қарым-қатынасты және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың мызғымастығын көрсетеді.
Қазақстан Халық партиясы кейбір елдердің басқа мемлекеттерге қатысты кез келген бастамалары аумақтық тұтастықты қозғамауға, ядролық қақтығыс қаупін тудырмауға және бейбіт сипатта болуға тиіс екеніне сенімді", - дейді Ермұхамет Ертісбаев.