Көліктердің күн ыстықта неге өртеніп кететіні белгілі болды

0
2 523

Қоғамдық ұйым өкілдері күмән тудырған төрт өнімді алып зертханалық тексеруден өткізген. Сапапшылар бұл үлгілерде метил спиртінің жоғары мөлшері бар екенін анықтады. Оны 80 градусқа дейін қыздырғанда, ол бірден жана бастаған.


Көліктердің күн ыстықта неге өртеніп кететіні белгілі болды

фото: kaz.caravan.kz

Автокөліктің қозғалтқышын суытуға арналған сапасыз антифриз адам өміріне қауіпті. Арнайы зерттеу жүргізген мамандар осындай тоқтамға келіп отыр. Себебі, ол қайнаған кезде тез тұтанады екен. Кейбір көліктердің аяқ астынан отқа оранатыны да сондықтан көрінеді.

Қоғамдық ұйым өкілдері күмән тудырған төрт өнімді алып зертханалық тексеруден өткізген. Сапапшылар бұл үлгілерде метил спиртінің жоғары мөлшері бар екенін анықтады. Оны 80 градусқа дейін қыздырғанда, ол бірден жана бастаған. Ал, сапалы антифриз қатты ысығанда жанбауы, суықта қатпауы тиіс.
«Бұл антифриздің құрамында метил спирті бар екенін анықтадық. Бұл өзінің нормасынан тыс болғандықтан, адамның денсаулығына әсеретеді. Ісік ауруына да алып келеді. Тыныс жолдарын жабуы да мүмкін және де бас ауруына да алып келеді. Сондықтан, осы өнімді пайдаланбауғ кеңес береміз» - деді токсикология зертханасының маманы Маржан Өмірбекова.

Жылына қазақстандық автокөлік иелері 45 мың тонна антифриз пайдаланады екен. Оның 70 пайызы сырттан жеткізіледі. Бірақ, сапасын бақылап жатқан ешкім жоқ көрінеді. Бұл қауіптің алдын алу үшін қоғамдық ұйым өкілдері құзырлы органдарға шағым түсіргенімен, нәтижесі шамалы. Базаралар әлі күнге қауіпті сапасыз сұйықтықтарды еркін саудалап келеді.

дерекөз: Еуразия бірінші арнасы