Кофе күрт қымбаттауы мүмкін

0
966

​Кофенің қымбаттауына Бразилиядағы кофе дәндерінің түсіміне байланысты туындаған проблемалар себепші болып отыр.


Кофе күрт қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. ICE Futures Нью-Йорк биржасындағы саудада арабика кофесінің бір фунтының фьючерстер бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет 2 доллардан асып кетті, деп хабарлады Trading Economics. Оған Бразилияда күннің суытуы себеп болып отыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін кофе өндірісінің көлемі құрғақшылық салдарынан төмендеген еді. Салдарынан кофе бағасы инвесторлардың қауіптенуіне байланысты жеткізулердің төмендеуіне байланысты қымбаттап кетті.

РИА Новости ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тамызда кофе бағасы 10-12 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бірқатар тауар жеткізуші сауда желілерін ескертіп жатыр.

Сонымен қатар кейбір БАҚ Ресейде кофе 10 процент шегінде қымбаттауы мүмкін екенін жазды.