​Қоғамдық көлікті рөлсіз айдаған жүргізуші қара тізімге енді (видео)

0
1 066

Белгілі болғандай көлік рөлі жұмыс уақытында сынып қалған.


​Қоғамдық көлікті рөлсіз айдаған жүргізуші қара тізімге енді (видео)

Астанада автобусты рөлсіз айдаған жүргізуші жұмысынан шығарылып, қара тізімге енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Today.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Көлік жөнделмей тұрғандықтан, ол (жүргізуші, – ред.) көлік нөпіріне кедергі келтірмеу үшін 100 метр жүрген, осы уақыт аралығында кондуктор видеоға түсірген. Сол үшін оны (кондукторды, – ред.) жұмыстан шығарды, жүргізушіні қайта оқытуға, біліктілігін арттыруға жіберді, ол үш жұмыс күнін жоғалтқан болар еді. Бірақ "Астана LRT" қайта өтініш беріп, бұндай жүргізуші қоғамдық көлікте жұмыс істемеуі керек деген тұжырым шығарды, сөйтіп оны жұмыстан қуды", – деді "Астана LRT" қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева.

Ер адам елордада енді қоғамдық көлікті жүргізе алмайды.

"Біздің өз базамыз бар, қара тізім, ол жаққа дөрекі түрде ереже бұзған жүргізушілерді енгіземіз, енді ол Астанадағы бірде-бір автопаркте жүргізуші болып жұмыс істей алмайды", – деді ол.

Белгілі болғандай көлік рөлі жұмыс уақытында сынып қалған, жүргізуші техникалық көмек күтіп тұрғанда ешқайда кетпеуі керек болатын. Бірақ ол жол қозғалысына кедергі келтірмеу үшін ыңғайлы жерге көлікті қойғысы келіп жылжып кеткен.


"Осы уақытта кондуктор әзілдеп видео түсірген, ол видео Интернетке тарап кетті", – делінген компания хабарламасында.

Естеріңізге салайық, әлеуметтік желіде Астанадағы қоғамдық көліктердің бірін рөлсіз айдаған жүргізушінің видеосы тараған еді.