Қоғамдық орындарда халықтың мазасын алған 249 таксист жазаланды

0
800

Алматы тұрғыны тасымалдау бойынша өз қызметтерін ұсынған белгісіз азаматтарға қатысты шара қабылдауды өтінген.


Қоғамдық орындарда халықтың мазасын алған 249 таксист жазаланды

ERNUR.KZ. 2019 жыл басталғалы әуежайлар мен теміржол вокзалдарында азаматтардың мазасын алған 249 такси жүргізушісі жазаланды. Олардың 55-і заңсыз қызмет көрсететіні анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматы-2 станциясындағы полиция желісінің бөліміне 39 жастағы Алматы қаласының тұрғыны шағымданған. Ол теміржол вокзалының ішінде жолаушыларды мазалап, тасымалдау бойынша өз қызметтерін ұсынған белгісіз азаматтарға қатысты шара қабылдауды өтінген.

«Тексеру барысында көлік полициясының қызметкерлері 1963, 1971 және 1994 жылғы азаматтарды анықтап, ұстады. Құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады департаменттен.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздегі әуе қызметтері мен теміржол нысандарында қоғамдық орында азаматтардың мазасын алғаны үшін 249 адам жауапқа тартылды. Олардың 55-і заңсыз жұмыс жүргізетін таксистер екені анықталған.