Қоймадағы той: Елді шулатқан салтанатты шара қай облыста өткені белгілі болды

0
1 078

Қофма иесі той өткізу фактісін жоққа шығарды.


Қоймадағы той: Елді шулатқан салтанатты шара қай облыста өткені белгілі болды

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы қоймасының біріндегі қыз ұзату тойы қай облыста өткені анықталды, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде карантин кезінде ерекше орында өткізілетін қыз ұзату тойына дайындық түсірілген видео тарады. Салтанатты тойды өндірістік аймақта орналасқан арнайы техникаға арналған сарайда өткізбек болған.

Белгілі болғандай, сарай Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан.


"Бұл видео бойынша Осакаров ауданы Молодежный кентінің полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Жеке кәсіпкер той өткізу фактісін жоққа шығарды. Тойға дайындық жүргізілді. Нысанның иесі басқа жақта болған, дайындық туралы ештеңе білмеген. Іс-шараның ұйымдастырушысы жеке кәсіпкердің немере бауыры болды. Той өткен жоқ", - деп хабарлады Осакаров аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы.


Қарағанды облысының санитарлық қызметінің мәліметінше, жеке кәсіпкермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


"Нысан басшысы жұмыстан қызметкерлерді босатты. Осакаров аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қарағанды облысының бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысы табыс етілді", - деді Қарағанды облысының санитарлық қызметінің мамандары.