Көк-Төбедегі аттракционда құлаған баланың видеосы пайда болды

0
737

Видеодан «Рогатка» аттракционынан баланың құлап кеткенін көруге болады.


Көк-Төбедегі аттракционда құлаған баланың видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Көк-Төбедегі аттракционда құлаған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан «Рогатка» аттракционынан баланың құлап кеткенін көруге болады.

Бұған дейін, 13 жастағы баланың батуттан құлап жарақат алғаны туралы жазған болатынбыз.

«Науқасты жедел жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.