Көкшетау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

0
1 763

Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.


Көкшетау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында көліктердің соқтығысуынан үш адам қаза тапты және тағы екеуі зардап шекті, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол апаты 17 ақпанда Көкшетау - Омбы тасжолының Зеренді ауданындағы Қызылтаң ауылының маңында болған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Mazda 626 автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Көкшетауға қарай бағыт алған. Ол көлікті басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Lada Largus автокөлігін соққан.

Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі, сондай-ақ Lada Largus көлігінде отырған 41 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.