Көкшетау университетінде өрт шығып, 2,4 мыңға жуық адам эвакуацияланды

0
1 614

Өрт білім ордасы ғимаратының жертөлесіндегі желдеткіш шахтасында шыққан.


Көкшетау университетінде өрт шығып, 2,4 мыңға жуық адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Көкшетау университетінде өрт болып, 2,4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 7 қараша күні сағат 11:15-де құтқару қызметіне Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің басты корпусында түтін шыққаны туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер білім ордасы ғимаратының жертөлесіндегі желдеткіш шахтасында, 2 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндірушілер келгенше, университет жұмсышылары өз күшімен тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Сонымен қатар, олар 2000 студент пен 400 қызмет көрсету персоналын қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ», - деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 53 қызметкер мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Департамент басшысы атап өткендей, оқиға бойынша іс материалдары Көкшетау қалалық ПБ жолданады.