Көкшетауда 14 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

0
426

Құқық қорғау органдары шатырға көтерілген соң, қызды сүйреп, төмен түсуге көмектесті.


Көкшетауда 14 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

ERNUR.KZ. Көкшетау полицейлері көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған жасөспірімді құтқарды, деп жазады ulysmedia.kz.

9 мамыр сағат 16:10 шамасында полицияға хабарлама келген. Қоңырау шалушының айтуынша, досы Абай көшесіндегі көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, секірмек болды.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының ең жақын экипажы келді. Төбенің шетінде отырған қызды көріп, полицейлер жоғарыға қарай жүгірді.

Құқық қорғау органдары шатырға көтерілген соң, қызды сүйреп, төмен түсуге көмектесті.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 14 жасар қызды осындай қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр.