Көкшетауда 36 жастағы әйел баласымен бірге терезеден секірмек болды (видео)

0
752

Әйел мен баласының өміріне араша түсу үшін құтқарушылар үйдің төбесінен арқанмен түсуге мәжбүр болған.


Көкшетауда 36 жастағы әйел баласымен бірге терезеден секірмек болды (видео)

ERNUR.KZ. Көкшетауда баласымен бірге 5-қабаттағы терезеден секірмек болған 36 жастағы әйел құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, суицид жасамақ болған әйел мен оның баласының өміріне араша түсу үшін құтқарушылар үйдің төбесінен арқанмен түсуге мәжбүр болған.


«Құтқарушылар альпинистік жарақтың көмегімен білдіртпей үйдің шатырынан түсіп, әйел мен оның баласын құтқарып қалды. Көкшетау қалалық құтқару бөлімшесінің басшысы Роман Шевченко әйелді баласымен бірге ұстап тұрғанда оның әріптесті Нұрхан Ашимғалиев пәтердің есігін ашты. Кейін 1984 жылғы әйел мен баласы полиция және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - дейді Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советов.


Оқиға кезінде пәтер ішінде тағы бір бала болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.