Көкшетауда 40 жастағы ер адам көшеде қызды зорлаған

0
1 043

Бұл жайлы ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлаған.


Көкшетауда 40 жастағы ер адам көшеде қызды зорлаған

ERNUR.KZ. Көкшетауда түнде көшеде қыз зорлаған ер адам ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Аталған оқиға 3 тамыз күні түнде орын алған. Сағат кешкі 22:00 шамасында көшеде қыздың зорланғаны туралы хабарлаған.

Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру кезінде 1979 жылы туған Көкшетау тұрғынын қолға түсірді.

Күдікті кінәсін толығымен мойнына алған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.