Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды (видео)

0
720

Бұған дейін Бурабай ауданында 40 жастағы күзетші қайтыс болды. Дәрігер көмегіне барлығы отызға жуық адам жүгінген.


Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды  (видео)

ERNUR.KZ. Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

"1996 жылы туған ер адам бір-екі сағат бұрын қайтыс болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Қала тұрғынының үстіне Әуелбеков көшесіндегі ғимараттың шатыры құлаған болатын. Ол бірден көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Нейрохирургтер шұғыл ота жасады. Пациент ауыр бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы өте ауыр екені айтылған болатын.

Медициналық мекемедегілер, ер адамның сағат 12.30-да қайтыс болғанын айтты.

Еске сала кетсек, бұл күшті дауыл салдарынан көз жұмған екінші адам. Бұған дейін Бурабай ауданындағы Үрімқай ауылында 40 жастағы күзетші қайтыс болды.

Дәрігер көмегіне барлығы отызға жуық адам жүгінген.