Көкшетауда мектеп оқушысы 8 қабаттан секіріп мерт болды

0
677

2006 жылғы жасөспірім хат жазып қалдырған.


Көкшетауда мектеп оқушысы 8 қабаттан секіріп мерт болды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Көкшетауда 8 сынып оқушысы 8 қабаттан секіріп мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қазанның 4-де Көкшетау қаласы Потанин көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Бұл туралы полицияға сағат 11:46 жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған.

«Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобы 2006 жылғы жасөспірімнің 8 қабаттағы өз пәтерінің балконынан секіргенін және өлер алдында хат жазып қалдырғанын анықтады», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105 бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.