​Көкшетауда пәтерді ойынханаға айналдырған азамат ұсталды

0
1 054

Тексеріс барысында астыртын ойын бизнесін 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ашқаны анықталды.


​Көкшетауда пәтерді ойынханаға айналдырған азамат ұсталды
ERNUR.KZ. Заңсыз нысанды полицейлер арнайы шұғыл іс-шаралар барысында анықтаған. Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, пәтерді тінту кезінде 10 шақты компьютер, кассалық аппарат және түрлі құжаттар тәркіленген, деп жазады 24.kz.
Тексеріс барысында астыртын ойын бизнесін 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ашқаны анықталды. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Гүлнәр Пинчук облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: - Аталған ойынхана дүкен атын жамылып, жұмыс істеп келген. Келушілерге олар компьютерлік құмар ойындарды ойнауды ұсынған. Қазір бұл заңсыз ойынхананың қашаннан бері жұмыс істеп келе жатқаны анықталуда. Ал бұл қылмыстың жазасы ұйымдастырушыны 2 жылға дейін бас бостандығын айыру немесе 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлету.