Көкшетауда полицей қыз жалғыз өзі қылмыскерді ұстады

0
1 713

Полиция лейтенанты Жазира Бегайдарова өзгенің көлігін ұрлап айдамақ болған ер адамды ұстады


Көкшетауда полицей қыз жалғыз өзі қылмыскерді ұстады

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласының полиция лейтенанты Жазира Бегайдарова ерлік көрсетті. Куәгерлердің айтуынша, кешкі уақытта полицей қыз аулада өзгенің көлігін ұрлап айдамақ болған ер адамды ұстады, деп жазады stan.kz.

Ер адам мас күйінде өзгенің көлігінің есігін кілтпен ашуға талпынған. Полицей оған бөгет болғанда көліктің өзінікі екенін айтқан. Алайда полицей көлік иесін танитындықтан қылмысқа жол бермеді. Өзіне күш көрсеткен ер адамнан корғанып, қарсылық танытты. Өзге полицейлер келгенше қылмыскерді оқиға орнынан жіберген жоқ.

Бұл уақытты аулада куәгерлер болған. Бірақ ешбірі көрмегенсіп Жазира Бегайдароваға көмектеспеген.

Жазира нәзік қыз болып көрінсе де, өзін-өзі қорғау және жауынгерлік техниканың жетілдірілу негіздерін игерген. 26 жаста. Заң саласында жоғары білімі бар.

Қазіргі уақытта аға лейтенант абақтыдағы сотталушылармен жұмыс істейді. Оларды бостандықта өмір сүруге дайындайды.