Көктемде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді (видео)

0
704

Салтанатты шара "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында өтті.​


Көктемде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді (видео)

ERNUR.KZ Шымкент, Тараз, Гвардейск және Меркі гарнизондарына еліміздің барлық өңірінен шақырылған екі мыңнан астам жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышына адал болуға ант берді, деп жазады sputnik.kz.

Салтанатты шара "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында өтті.
Әр әскери қызметшінің өміріндегі салтанатты сәт – Отан алдында адал болуға ант беру. Осыдан кейін шақырылушылар ел қорғау жолындағы барлық жауапкершілікті мойнына алып, нағыз жауынгер болады.

Карантинге байланысты екі жылғы үзілістен кейін алғаш рет ант қабылдау рәсіміне әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.


"Біз Ақтөбе облысынан келдік, - дейді Меркі гарнизонында қызмет етіп жүрген сарбаз Бекжігіт Кәрімовтың анасы Айжан Даниясова. – Біз ұлымызды бір ай көрген жоқпыз. Осы уақытта әжептәуір шымырланып қалыпты. Ұлымыз – мақтанышымыз. Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер азаматтың парызы деп санаймыз. Командирлерімен танысып, телефондарын алдық. Ұлымызға қамқорлық жасайтыны анық"Жуырда Қазақстанның басқа гарнизондарында да әскерге жаңа келген сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтеді. Биыл көктемде Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларының қатары әскерге шақыру жасындағы 6 мыңнан астам азаматпен толығады.