Көктемгі егіс науқанына қажет дизель жылдағыдан бір ай бұрын босатылады

0
591

Нарықтағы кенет тапшылықтың алдын алу үшін 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қоры құрылмақ.


Көктемгі егіс науқанына қажет дизель жылдағыдан бір ай бұрын босатылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚарзАқпарат.

Министр өз сөзінде мұнай өңдеу зауыттарының өңдеу мерзімі қысқартылатынын айтты. Ал нарықтағы кенет тапшылықтың алдын алу үшін 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қорларын құру жоспарланып отыр.

«Мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелту мерзімдерін үйлестіру көзделіп отыр. Яғни, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын жөнелту ақпан айында, бұрынғы мерзімдерден бір ай бұрын басталады», - деді Болат Ақшолақов.

Ведомство басшысы мұнай базаларын есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру жұмыстары аяғына дейін жеткізілетінін айтты.

«Сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай жедел шаралар қабылданды:

Сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді және литр үшін 50-75 теңге диапазонына дейін төмендетумен бөлшек сауда бағасы бекітілді.

Энергетика министрлігі 2 бұйрықты бекітті:

1) 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру бойынша бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады;

2) Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекіткен бөлшек саудадағы шекті бағаларға сәйкес келтіру үшін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету жөніндегі бұйрық.

Сондай-ақ, бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленді.