Көктемнің соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

0
1 120

Өткінші жаңбыр және бұршақ жаууы күтіледі


Көктемнің соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" орталығы 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Архангельск ауданынан Антициклон республиканың басым бөлігіне өз ықпалын тигізуде. Мұнда ауа райы әсіресе жауын-шашынсыз сақталады және ыстықтың басылуы байқалатын болады. Тек кезеңнің соңында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, найзағаймен өткінші жаңбыр және бұршақ жаууы күтіледі.

Ал оңтүстікте, Иран аудандарынан жылы ауа массаларымен ыстық және құрғақ ауа райы орнайды.

Оңтүстікте және батыста кей жерлерде шаңды дауылмен желдің күшеюі болжанады.