Көлігін артқа айдаған жүргізуші 134 мың теңге айыппұл төлейді

0
849

20 жастағы жас жігіт кіші Желтоқсан көшесімен Әл-Фараби даңғылына қарай бағыт алған.


Көлігін артқа айдаған жүргізуші 134 мың теңге айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Алматы полициясы көлігін артқа қарай айдаған жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты, деп жазады ҚазАқпарат.


20 жастағы жас жігіт кіші Желтоқсан көшесімен Әл-Фараби даңғылына қарай бағыт алған. Бұл видео Instagram желісінде таралды. Полиция жүргізушіге қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырды.

«Бұл жолы жол ережесін бұзған 20 жастағы жасөспірім болып шықты. Жақсы кадр шығару үшін жол ережесін бұзған. Енді бұл әрекеті үшін ол 134 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Жүргізілген профилактикалық шаралардың арқасында осындай ереже бұзушылықтың қатары азайғаны рас. Көбінесе жас, тәжірибесіз жүргізушілер осындай әрекетке барады. Бұл жүргізушімен де мамандар сөйлесетін болады. Ал оның көлігі айып тұрағына жіберіледі», - деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серікжан Әбжанов.

Сонымен қатар, жүргізушінің көлік басқаруға рұқсат беретін құжаты болмаған.