Көлік апатына түскен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды

0
1 066

Баланың түнде жүрегі тоқтап қалды.


Көлік апатына түскен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ҚазҰМУ студенті қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жігіт көз жұмды деген ақпаратты ауруханадағылар растады.

"Баланың түнде жүрегі тоқтап қалды. Жағдайы өте қиын болған. Қаншама донор болды, біз ол үшін барынша күрестік. Бірақ алған жарақаттары ауыр еді, барлығы сынған", - дейді Алматы қалалық № 4 аурухана қызметкері.

ҚазҰМУ "Жалпы медицина" факультетінің екінші курс студенті Асылбек Жұмабаев қосымша ақша табу үшін курьер болып жұмыс істеп жүрген кезде апатқа ұшыраған. 1 шілдеде оның мопедін жеңіл автокөлік қағып кетті.

Жігіттің өлімі туралы ақпарат, сондай-ақ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Асылбек Жұмабаев ауруханаға көптеген жарақаттармен ауыр жағдайда түскен. Жүздеген алматылық оған қан жинай бастады. Қан орталығына тек ол оқыған университет студенттері ғана емес, сонымен қатар, қаланың басқа да жоғары оқу орындарының студенттері келді.