Көлік кеден бекетінің қоршауына соғылды – екі әйел қаза тапқан

0
1 717

Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды.


Көлік кеден бекетінің қоршауына соғылды – екі әйел қаза тапқан

сурет:kris_p_kz

ERNUR.KZ. "Toyota Avensis" Алматы облысындағы Қытай шекарасына жақын жердегі "Нұр жолы" кеден бекетінің қоршауына соғылып қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде жарияланды.

Полиция жол апаты болғанын растады, оқиға бүгін таңертең "Алматы-Қорғас" тас жолында Панфилов ауданында болыпты. Екі адам қаза тауып, үшіншісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

"Жол апаты салдарынан екі жолаушы әйел қаза тапқан. Жүргізуші Жаркент қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жол апаты дерегі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.