Көлік қызметкерлері кәсіби мерекесінде сенбілік өткізді

0
812

Көлік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бас қаламыздың ботаникалық бағында атап өтті.


Көлік қызметкерлері кәсіби мерекесінде сенбілік өткізді

ERNUR.KZ. Жылдағы дәстүрге айналған Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл ерекше аталып өтті, деп жазады tengrinews.kz.

Көлік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бас қаламыздың ботаникалық бағында атап өтті. Мерекеге орай Көлік комитеті жастардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіруден спорттық іс-шара және қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Кәсіби мерекенің салтанатты түрде ашылуы болып, онда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов мерекеге орай қызметкерлерге құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

"Қала тұрғындары жүрген жерінде тазалық сақтап, қаламызды күтіп ұстау үшін тұрғындар да өз үлестерін қосулары тиіс. Біз қала тұрғындарымен бірге "Мен қалам үшін не жасай аламын?" - атты акциясын ұйымдастырып, Ботаникалық бақтың ішіне тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сондай - ақ, мереке аясында озат қызметкерлерге Көлік саласының дамуына қосқан үлестері үшін "Құрметті автокөлікші" және "Үздік автокөлікші" төсбелгілерін табыс етіп, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттадық" - деді Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.