"Көлікті смартфон арқылы басқару" – ШҚО-дағы зауыттың ерекше қолданбасы

0
898

Смартфон арқылы көліктің сигнал жүйесі мен температурасын реттеп, жанармайы жайлы білуге және көлікті қыздыруға болады.


ERNUR.KZ. Өскеменде дәстүрге йналған «Қазақстанның үздік тауарлары» атты аймақтық көрме-байқауы өтті. Онда «АЗИЯ АВТО» көлік зауыты үздік атанды, деп жазады altaynews.kz.

«АЗИЯ АВТО» смартфон арқылы көлікті басқаруға арналған BIPEK Contact жүйесін таныстырды. Ол арқылы көліктің сигнал жүйесі мен температурасын реттеп, жанармайы жайлы білуге және көлікті қыздыруға болады. Бұл қолданбаның тағы да басқа мүмкіндіктері бар.

Қазіргі уақытта зауыттан шығарылып жатқан көліктердің 70%-ына осы жүйе орнатылды.

– BIPEK Contact-ты өрт сөндіру, жедел жәрдем және полиция сынды арнайы қызметкерлердің көлігіне орнатуға болады екен. Өз өнімімізді өзіміз пайдаланайық, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев.

Байқауға 90 кәсіпорын қатысты. Аймақтық кезеңде бірінші орын алған «АЗИЯ АВТО» енді Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға барады.