Көліктің дөңгелегін өртеп, құбырды жылытқандардың ісі тексеріледі

0
1 949

Алматы облысының Экология департаменті бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ресми тексеру жүргізеді.


Көліктің дөңгелегін өртеп, құбырды жылытқандардың ісі тексеріледі

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысы Талғар ауданындағы құбырды жылыту үшін көлік дөңгелегін өртегендердің ісін тексеріп жатыр, деп жазады aikyn.kz.

4 қаңтар күні Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінде коммуналдық қызмет өкілдерінің қатып қалған су құбырларын жылыту үшін көлік дөңгелегін өртегені туралы ақпарат тарады.

«Осыған байланысты «Талғар су» мекемесінің қызметкерлері оқиға орнына барды. Резеңке дөңгелекті өртеуді тоқтатты. Алматы облысының Экология департаменті бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ресми тексеру жүргізеді. Соның қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады. Ол үшін видео авторы департаментке ресми арыз жазуы керек», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.