Колледж студенттері хостелдерде тұратын болады

0
1 213


Колледж студенттері хостелдерде тұратын болады

иллюстрациялық фото: petersburg.travel

ERNUR.KZ. Елордалық колледж студенттері хостелдерге орналастырылады, деп жазады 24.kz.
Атап айтсақ, жаңа оқу жылында елордалық колледж студенттерін хостелдерге орналастыру көзделген. Тәлімгерлер үшін Астанада 16 шағын қонақ үй мен жатақхана қарастырылған. «Мұндағы орташа төлемақы 5 мың теңге шамасында болмақ», - деп мәлімдеді бас қаланың білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.


Сондай-ақ, ол биылдан бастап астаналық мектептер жан басына қарай қаржыландырылатынын айтты. Демек, оқу ордасында білім алатын оқушылардың саны неғұрлым көп болса, бөлінетін қаражаттың көлемі соғұрлым артық болмақ.

Әнуар Жанғозин, Астана қаласы білім беру басқармасының басшысы:

«Бүкіл мектептерге, мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, бірыңғай сома бөлінетін болады. Жылына бастауыш сыныптарға 160 мың, жоғарғы сыныптарға 200 мыңнан астам теңге бөлінеді», - дейді.